Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша психологиялық қолдау орталықтары Қазақстанның барлық 20 өңірінде жұмыс істейді. Олардың қызметі балаларға, ата-аналарға және педагогтерге психологиялық көмек көрсетуге, буллингтің, зорлық-зомбылықтың және кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған.
📊 2026 жылдың басынан бері орталықтарда 33 мыңнан астам адам консультативтік көмек алды, оның ішінде 19 мыңға жуық бала, 10 мыңнан астам ата-ана және 4,3 мың педагог.
🧠 Жеке консультациялардан бөлек, орталықтар профилактикалық жұмыс жүргізіп, білім беру ұйымдарының мамандарына әдістемелік қолдау көрсетеді. Жыл басынан бері 25 мыңнан астам іс-шара өткізілді — семинарлар, вебинарлар және практикумдар.
📞 Сонымен қатар 111 байланыс орталығына суицидтік қауіп, буллинг, зорлық-зомбылық және балалардың құқықтары мен әл-ауқатына қатысты басқа да мәселелер бойынша 2,6 мыңға жуық өтініш түсті.
🛡 Балалардағы психологиялық қиындықтарды ерте анықтауға, уақтылы көмек көрсетуге және қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#психологиялыққолдау #балалар #111 #Қазақстан #білім #жаңалықтар


