Вторник, 3 ноября, 2026
Басты бетЖаңалықтар🛂 2027 жылдан шетелдіктер Қазақстанға арнайы рұқсатсыз келе алмайды

🛂 2027 жылдан шетелдіктер Қазақстанға арнайы рұқсатсыз келе алмайды

 

Алдағы қараша айынан бастап Қазақстанға кірудің жаңа талаптары қолданыла бастайды. Оның аясында енді шетел азаматтарынан елге келмес бұрын электрондық рұқсат алу талап етіледі.

Ал 2027 жылғы 1 шілдеден бастап мұндай рұқсаттың болмауы мемлекеттік шекарадан өтуге тыйым салуға негіз болуы мүмкін.

Жаңа жүйе кезең-кезеңімен енгізіледі, өтпелі кезеңде электрондық рұқсат алу ұсынымдық сипатта болады. Жаңа талаптар Қазақстанның одақтастары саналатын Ресей, Беларусь, Армения және Орталық Азия елдерінің азаматтарына да қатысты.

Өзгерістерге ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 10 қазандағы №890 қаулысы негіз болды. Қаулы 2026 жылғы 24 қазанда күшіне енді.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#визасыз #электрондырұқсат #шекара #Қазақстан #жаңалықтар

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments