Среда, 4 ноября, 2026
Басты бетЖаңалықтарАЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

2026 жылдың 9 айында Алматы облысында 8 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында Департамент тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты 2 171 өтініш түсіп, 50 бақылау іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде 45 709 заң бұзушылық анықталып, 43 ұсыну енгізілді. Қабылданған шаралар нәтижесінде 58 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

Заңнама талаптарын бұзғаны үшін 40 әкімшілік хаттама толтырылып, 2,3 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар 191 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ерекше назар жер қатынастары саласындағы мәселелерге аударылды. Ұйғыр ауданының Бахар ауылдық округінде жер комиссиясының нақты отырыстарын өткізбей, екі азаматқа 80 өтініш бойынша 3,2 гектар жер учаскесі берілгені анықталды. Қазіргі уақытта 60 өтініш бойынша шешімдердің күші жойылып, қалған 20 өтініш бойынша жерді қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 6 телебағдарлама шығарылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік органдарға 22 ұсыныс енгізілді.

Департаменттің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, негізсіз бас тарту фактілерінің алдын алу және азаматтардың құқықтарын қорғау.

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің

бас маманы Д. Әлібекқызы

 

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments