Четверг, 5 ноября, 2026
Басты бетЖаңалықтар⚡️Оқу-ағарту министрі Қосшы қаласындағы IT-лицей педагогтерімен кездесті

⚡️Оқу-ағарту министрі Қосшы қаласындағы IT-лицей педагогтерімен кездесті

 

✍️Қосшы қаласына жұмыс сапары барысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова IT-лицейге барды. Министр бастауыш сыныптарды аралап, оқушылармен және бастауыш сынып мұғалімдерімен әңгімелесті.

💬Одан кейін акт залында лицейдің педагогикалық ұжымымен сұрақ-жауап форматында кездесу өтті. Мұғалімдер бастауыш сыныптардағы бағалау, педагогтерді аттестаттау, оқулықтардың сапасы және оқу үдерісін ұйымдастыруға қатысты өзге де сұрақтарын қойды.

📚 Әңгіме барысында жаңа бағалау жүйесін тәжірибеде қолдану, аттестаттаудан өту және оқулықтардың мазмұнын жаңарту мәселелері талқыланды. Жұлдыз Сүлейменова көтерілген сұрақтар бойынша түсіндірме беріп, Оқу-ағарту министрлігі жүргізіп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments