Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен «Розовый октябрь» халықаралық ақпараттық науқаны аясында БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті.
Негізгі тақырыптар — сүт безі және жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу, онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау және скринингтен уақтылы өтудің маңызы.
Сүт безі қатерлі ісігі:
Бүгінде Алматы облысында онкологиялық есепте 13 303 пациент тұр, оның 2 864-і сүт безі қатерлі ісігі диагнозымен есепте. 2026 жылдың 9 айында ауру алғаш рет 238 адамда анықталды: 66-да — бірінші, 140-та — екінші, 21-де — үшінші, 11-де — төртінші сатыда.
«Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау емнің тиімділігін айтарлықтай арттырады. Түйіндердің пайда болуы, пішін мен мөлшердің өзгеруі, терінің тартылуы немесе емізіктен бөлінулер — дереу дәрігерге қаралуға негіз», — деді онколог-маммолог Даулет Айдаров.
Жыл басынан бері жылжымалы медициналық кешен 48 елді мекенді қамтып, 4 774 маммография, 3 881 УДЗ және 3 007 компьютерлік томография жүргізді. Нәтижесінде 32 қатерлі ісік және 542 ісік алды жағдай анықталды.
Жатыр мойны қатерлі ісігі:
Қазақстанда жыл сайын шамамен 1 900 жаңа жағдай тіркеліп, 600-ге жуық әйел қайтыс болады. Ауру 25–40 жас аралығындағы жастар арасында да жиілеп келеді.
Алматы облысында 9 айда 87 жағдай анықталып, 30 әйел қайтыс болды.
«Бұл аурудың ерекшелігі — дамуын көп жағдайда алдын алуға болады. Скрининг уақтылы өту ауруды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді», — деді онкогинеколог Ақтолқын Мамадиярова.
Скрининг 30, 35, 40, 45, 50, 55 және 60 жасар әйелдерге жүргізіледі. Мамандар вакцинацияның да маңыздылығын атап өтті.
Подписывайтесь на нас: Atameken_press
#онкология #РозовыйОктябрь #Алматыоблысы #скрининг #денсаулық #Қазақстан #новости


