Пятница, 13 ноября, 2026
Басты бет29 қараша - ҚР мәслихаттары депутаттарының сайлауыЖамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Меліс Бақытжан Марғұланұлының 2026–2031 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ...

Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Меліс Бақытжан Марғұланұлының 2026–2031 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Ауданымыздың болашағы – білімді ұрпақ, саналы қоғам және ел дамуына үлес қосатын жауапты азаматтар. Әрбір баланың сапалы білім алып, қабілетін шыңдауына мүмкіндік жасау, ұстаз мәртебесін көтеру және ауылдардың дамуына жағдай туғызу – ортақ міндетіміз.
Ауданның әрбір ауылы назардан тыс қалмай, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілуі қажет. Сапалы жол, қолжетімді медициналық және әлеуметтік қызмет, тұрақты жұмыс орындары, жастарға арналған мүмкіндіктер – ел дамуының негізгі көрсеткіштері.
Депутаттық өкілеттігім аясында тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін назарға алып, білім, тәрбие және әлеуметтік салалардағы өзекті мәселелерді тиісті деңгейде көтеруге, олардың шешілуіне ықпал етуге күш саламын. Қабылданған міндеттемелердің нақты нәтижеге айналуы мен үшін басты жауапкершілік.
Ұрпақ тәрбиесі мен ел болашағы – ортақ міндет. Халықпен бірлесе еңбек етіп, ауданымызды білімді ұрпақ өсетін, еңбек етуге және өмір сүруге қолайлы, келешекке сеніммен қарайтын мекенге айналдыруға үлес қосу – басты мақсатым.

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Әр тұрғынға әділ қарау, әр ауылдың жайын ескеру. Адал еңбекті қадірлеу, айтқан сөзіме берік болып, атқарған ісіме жауап беру. Елмен ашық сөйлесіп, халықтың мүддесін қорғау.
Айтар тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызға, сын-ескертпелеріңізге әрдайым құлақ асамын. Әрқайсыңызды мұқият тыңдап, толғандырған мәселелеріңіздің байыбына баруға, шешімін табу үшін бар күшімді салуға дайынмын.

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мен, Меліс Бақытжан Марғұланұлы, 1999 жылғы 6 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданы Сұраншы батыр ауылында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Сұраншы батыр ауылында тұрамын.
2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алдым. Отбасылымын, бір балам бар.
Еңбек жолымды 2006 жылғы 7 маусымда Сұраншы батыр ауылындағы орта мектепте IT-маман және информатика пәнінің мұғалімі болып бастадым. Қазіргі уақытқа дейін осы қызметтерді атқарып келемін. Қызметімде еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, өз жұмысыма деген жоғары ынта-жігерге және адамдармен тиімді қарым-қатынас орнатуға басымдық беремін. Алға қойылған міндеттерді уақытылы орындап, туындаған мәселелердің шешімін табуға ұмтыламын. Әріптестерім мен ауыл тұрғындарының арасында құрметке ие болып, Қарақастек ауылының қоғамдық өміріне белсенді қатысып келемін.
Ауданның дамуы сапалы білім беруден, балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасаудан, әлеуметтік мәселелерді шешуден және ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартудан басталады деп есептеймін.
Мен үшін туған жердің дамуына үлес қосу, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету, әр баланың сапалы білім алуына мүмкіндік жасау және тұрғындардың мәселелерін шешуге атсалысу – басты азаматтық міндет.
Қоғамдық қызметімде білім беру сапасын арттыруға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтары мен мүмкіндіктерін қорғауға, ауыл мектептерін дамытуға, отбасыларды қолдауға және тұрғындармен тұрақты байланыс орнатуға басымдық беремін.
Мен үшін депутаттық қызметтің басты нәтижесі – халықтың сенімі, нақты атқарылған жұмыстар және тұрғындардың өмір сапасының жақсаруы. 2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
ТИІМДІ ИНСТИТУТТАР
—  Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың ұсыныстары мен өзекті мәселелерін тыңдау.
—  Азаматтардың өтініштерін тиісті мемлекеттік органдарға жеткізіп, шешілуіне ықпал ету.
—  Сайлауалды бағдарламаның орындалуын бақылап, атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарға ақпарат беру.
-Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ауыл тұрғындарының мәселелерін шешуге атсалысу.

  1. КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ, ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ

— «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға ықпал ету.
—  Жастар мен әйелдердің кәсіпкерлікпен айналысуына, өз ісін бастауына қолдау көрсету.
—  Ауыл шаруашылығы мен отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
—  Жаңа жұмыс орындарын ашу және ауыл тұрғындарының табысын арттыру бағытындағы жобалардың жүзеге асуына ықпал ету.
3.МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫ
— Ауыл жастарының білім алуына, шығармашылықпен айналысуына және қоғамдық жұмыстарға қатысуына қолдау көрсету.
—  Мәдени іс-шаралардың, кітап оқу мәдениетінің және жергілікті өнерпаздардың дамуына ықпал ету.
—  Жастардың еріктілік және қоғамдық бастамаларын қолдау.
—  Балалар мен жастардың спорт секцияларына қатысуына, бұқаралық спорттың дамуына жағдай жасауға атсалысу.
4.ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ
—  Ауылдың тазалығын сақтау, көше мен қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстарына ықпал ету.
—  Самсы өзенінің жағалауын тазарту және қауіпсіз демалыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды қолдау.
—  Қоқыс жинау және шығару қызметінің сапасын жақсарту мәселелерін көтеру.
-Тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және жастардың табиғатты қорғау бастамаларына қатысуына ықпал ету.
5.ХАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС
—  Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау.
—  Ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешуге және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға атсалысу.
—  Тұрғындармен кері байланысты нығайтып, көтерілген мәселелердің орындалуын бақылау.
—  Атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында ашық есеп беріп, тұрғындардың сенімін арттыру.
Туған жерге қызмет ету – мен үшін құрмет әрі парыз. Сіздердің қолдауларыңыз маған жігер береді, сенімдеріңіз маған күш береді. Бар мақсатым – ел игілігіне қызмет етіп, ортақ болашаққа үлес қосу!

Үгіт материалды шығарған ұйым: «Жамбыл Атамекен» ЖШС,  Алматы   облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы.  Тапсырыс беруші:Меліс Бақытжан Марғұланұлы Жамбыл ауданының мәслихат депутаттығына  кандидат. Материалдар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments