Қырғыз тарапы Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ аясында сауда-саттық жасау талабын бұзып отыр деп арнайы мәлімдеме таратты. Сарапшылар болса, «бұл бауырлас елдің арасына сызат түсіріп отырған сыртқы фактор», дейді. Көршілердің айрандай ұйығаны кімге жақпай қалды?
Бұл бір елден екінші елге тауарын өткізе алмай дал боп жүрген жүздеген адамның бірі ғана. Бүгін бесінші күн қазақстандық шекарашылар Қырғызстанның 600-ге жуық фурасын шекарадан бері асырмай отыр. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл жылда болатын қалыпты жағдай деп түсіндірді. Ал қырғыз тарапы мұны 10 тамыз күні Киров су қоймасынан су беруді тоқтатқан соң Қазақстан тарапының көрсеткен қиқалаңы деп топшылады. Қырғызстанның Ирригация ғылыми-зерттеу институтының директоры Ұлан Чортомбаев әлеуметтік желіде үндеу де жариялады.
«Сіздер біздің жүк көліктерді кеден бекеттерінен өткізбей, шекара бекеттеріңізде ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр еттіңіздер. Оның себебін су беруді тоқтаттық деп түсіндіруде сіздер тарап».
Алайда, Қазақстан тарапы мұндай ақпарат бермеген. Қаржы министрі де Ұлттық қауіпсіздік комитеті де бұл жағдайдың суға еш қатысы жоқ, деп түсіндірді. Ал бүгін «Ақ тілек -автожол» өткізу пунктінде Мәскеуден арнайы келген Еуразиялақ экономикалық комиссияның отырысы өтті. Жиында комиссия мүшесі Арзыбек Кожошев, қырғыз тарапын тыңдады. Ал Қырғызстан Экономика министрлігі Қазақстан тарапына айып тақты.
«Қазақстанның мұндай әрекеті Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы талаптарға сай келмейді деп санаймыз. Олар тауар қозғалысын шектеп отыр. Бұл жүйелі түрде қайталанып отыратын жағдай. 2017 жылдан бері осындай мәселе жиі орын алып жүр. Бір ай бұрын да дәл осындай жағдай болып, тез шешілді. Жыл сайын осындай проблемамен бетпе-бет келеміз. Қазақстан тарапы арнайы операция жүргізіліп жатыр деді. Одан басқа реми мәлімдеме болған жоқ», — дейді Қырғызстан Республикасы Экономика және коммерция министрінің орынбасары Назарбек Малаев.
Қазақстандық саясаттанушылар да екі тараптың шекарадағы мәселесі біраз жылдан бері барын айтты. Ал мұндай кикілжіге сыртқы факторлар әсер етіп отыр деп топшылады.
«Бұның бәрі Ресейдің ойыны, Қазақстанға қысым көрсету қырғыз шекарасы мәселесі бойынша. Яғни, су бойынша қазіргі ақпараттық шабуылды да Қырғызстанға арналған шабуыл, себебі Қазақстанның қазіргі геосаяси жағдайы бойынша БРИКС келе жатыр дегендей сияқты. Бұның Бастысқа қарсы екенін енді БРИКС-ке қатысушы 5 мемлекет те ашық айтып отыр. Ал Қазақстан тарапынан мұның немен байланысты екені туралы ресми мәлімет ешкім берген жоқ», — дейді саясаттанушы Аман Мәмбетәлі.
Қалай дегенмен, бұл жағдай Қазақстан мен Қырғызстан экономикасына әсер етпей қоймайтыны анық. Өйткені екі ел арасындағы тауаралмасу тоқтап қалады дейді экономистер.
«Қазақстан, Қырғызстан мен Қытай арасындағы 100 млн доллар берген еді. Одан Қырғыз үкіметі бас тартып осы мәселе шешілмей қалды. Сондықтан Қазақстан қырғыздардан келетін тауарларға тексеруден өткен болса, тексеруден өткізіп, Қытайдан алған өз тауарларын жеңіл өнеркәсіп өнімдерін тексеруді өте қатаң орындап жатыр. Осы мәселе кей кезде шиеленіседі. Осы мәселені шешу үшін күнде Қырғызстан үкіметі Өзбекстан, Түркменстан, Каспий арқылы Астраханьға, Ресейге шығу мәселесін көтеріп жатыр», — дейді экономист Сапарбай Жобаев.
Бұған дейін Қырғызстаннан Қазақстанға бір сағатта 15 жүк көлігі өткізілетін. Қазір екі сағатта тек бір фура шекара асады. Еуразиялақ экономикалық комиссия шекарадағы жағдаймен танысты. Әзірге ешқандай ресми ақпарат бермеді. Бұған дейін ұйымның баспасөз қызметі бізге сейсенбі күні барлық мүше елдердің вице премьерлері қатысқан жиын болады деген ғана ақпарат берген болатын.