Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетUncategorizedАлматы облысында шомылу маусымында адам өлімі 25%-ға төмендеді

Алматы облысында шомылу маусымында адам өлімі 25%-ға төмендеді

Судан келетін қауіптің алдын алу үшін төтеншеліктер күшейтілген күнсайынғы рейдтік шаралар жүргізген. Нәтижесінде, судан ажал құшқандар саны ересектер арасында 7, яғни 25%-ға, ал балалар арасында 5 жағдайға азайған.

Алматы облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, подполковник Ералы Разакулов, биыл 18 адам суға батқанын мәлімдеді. Оның 10-ы Қазақстанның басқа өңірінің тұрғындары болып шыққан. Дейтұрғанмен құтқарушылардың жедел жұмысының негізінде ажал 80 адам ажалдан аман қалған.

«Адамдардың өлімінің негізгі себептері ол шомылу үшін белгіленбеген жерлерде шомылу болып табылады. Аудандарда коммуналдық және жеке жағажайлардың болмауына байланысты шомылу үшін белгіленбеген жерлерде демалатын адамдардың саны артты, бұл өз кезегінде қайғылы оқиғаларға әкеледі. Биылғы шомылу маусымында ескертулерді ескермеген 54 жеке тұлға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 412 бабы бойынша әкімшілік жауапкершлікке тартылды»,-деді спикер.

Департаменттің жедел-құтқару жасағы су айдындарындағы оқиғаларға жедел ден қою үшін 30 жүзу құралын, 45 бірлік сүңгуір жабдықтары мен құтқару құралдары алынып, автономды жұмысты қамтамасыз ету үшін 10 тәулікке азық-түлік, жанар-жағармай материалдарының қоры құрылды.
Сондай-ақ, Департаменттің құтқару бөлімшелерімен қосымша 6 мобильді бекет және шомылуға қауіпті учаскелерде 3 мобильді бекетте кезекшілік ұйымдастырылды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments