Алматы облысы әкімінің орынбасары Алмас Батановтың айтуынша, биыл жәрмеңкеге 180 тоннаға жуық өнім әкелінген.
• 20,3 тонна ет өнімдері
• 6 тонна сүт өнімдері
• 20,6 тонна картоп
• көкөніс 25,4 тонна
• алма, жеміс-жидек 22 тонна
• басқа өнімдер 45,2 тонна өнім әкелінген.
Жәрмеңкедегі тауарлардың бағасы нарықтағы бағадан 10-20 пайыз төмен. Мысалы:
• ет — 2500 тг
• жылқының сұрпы еті — 2700
• қазы — 3000 тг
• қарта — 2500 тг
• тауық еті — 1100 тг
• ысталған шұжық — 1700 тг
• пісірілген шұжық — 1600 тг
• балық — 350-900 тг аралығында
• жұмыртқа — 450 тг
• сүт — 300
• кілегей — 1800 тг
• құрт, ірімшік — 1500-2500 тг
• қант — 400 тг
• ұн (жоғары сұрып) — 180 тг және т.б.
Арнайы ұйымдастырылған шараға жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Жәрмеңкеге ірі шаруа қожалықтары да өз өнімдерін әкелген. Облыстың түкпір-түкпірінен жиналған саудагерлер дән риза. Таңғы 9.00-ден бастап-ақ кәсіпкерлердің қолы жүріп, сауда жасап жатты.
Жалпы Алматы облысы елімізде сары өрік өсіру бойынша 1-ші орынды, картоп өсіруден 2-ші орынды, күріш егуден 2-ші орынды алып отыр. Сондай-ақ облыс құс өсіріп, етін өңдеуден алғашқы орында. Өңірде 8,3 млн бас құс бар. Алматы қаласы бойынша құс етінің сұранысын (35 мың тонна) толықтай қамтамасыз етіп отыр.