Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетUncategorizedАлматы облысында алғаш рет «Шебер-Fest» қөл өнер фестивалі өтеді

Алматы облысында алғаш рет «Шебер-Fest» қөл өнер фестивалі өтеді

2023 жылдың 13 қазан күні Алматы облысы әкімінің қолдауымен тұңғыш рет Қонаев қаласында «ШЕБЕР-FEST» қолөнер шеберлерінің республикалық фестивалі өтеді.

Іс-шара ұлттық қолөнерімізді насихаттау мақсатында ұйымдастырылуда. Бұл туралы баспасөз-мәслихатында Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Алиев пен «Ұста Деркембай» атындағы қолөнер музейінің директоры Даулет Дәркембайұлы баяндады.
Спикердің айтуынша әр өңірден жиналған 42 шебердің қолынан шыққан қыш құмыралар,зергерлік бұйымдар, ағаш ,табиғи тері мен тоқыма ,киіз өнімдерінен көрме, жәрмеңкелер қойылып, шеберлік сағаттары көрсетіледі. Жалпы, фестиваль 13 аталым бойынша өткізіледі.
«Бұл алғаш рет Алматы облысында өткізілетін фестиваль. Негізгі қатысушылар 3 қала және 7 облыстан келеді деп жоспарлануда.Олар Елорда Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Абай, Ұлытау, Ақтөбе облыстарынан келеді. Шараны жүйелі түрде өткізу көзделген”,- дейді Данияр Алиев
Фестивальге Алматы облысынан он саусағы майысқан 15 шебер зергер қатысады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments