Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚант диабеті – ерекше өмір салты!

Қант диабеті – ерекше өмір салты!

2016 жылдан бастап «Нұр-Авиценум» медициналық орталығы негізінде облыстағы алғашқы мамандандырылған стационар — қант диабеті орталығы жұмыс істейді. Ең алдымен, орталықтың қызметі аурудың пайда болу себептерін азайту мақсатында профилактикалық жұмыстарға бағытталған.
Орталықта алғаш рет бірінші және екінші типтегі қант диабетін емдеуге мультидисциплинарлық тәсіл іске асырылуда. Клиника жағдайында пациенттер 69 елідің жетекші профессорларының кеңесін ала алады.
Орталық мамандарының айтуынша, қазіргі уақытта қант диабеті пациенттерден қалыпты өмір сүру, жұмыс істеу және спортпен шұғылдану мүмкіндігіне кедергі болатын дерт емес. Диета, инсулин терапиясының заманауи мүмкіндіктерін ескерсек, қант диабеті бар науқастың өмірі қалыпты өмірден еш айырмашылығы жоқ.
Облыстық диабет орталығында дәрігер жолдамасы бойынша емдеу тегін екенін атап өткен жөн. Орталықтың барлық қызметтері азаматтар үшін тегін медициналық көмектік кепілдік көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде қолжетімді. Орталықта бір уақытта 25 адамға дейін ем ала алады.
МӘМС аясында жоспарлы профилактикалық ем қабылдап жатқан пациенттердің бірі Ақсу ауданы Матай ауылының тұрғыны Гүлнара Көшкенбаева:
— Мен Ақсу ауданы Матай ауылында тұрамын. Бірнеше жылдан бері қант диабетімен ауруханада есепте тұрмын. Әр алты ай сайын жоспарлы түрде портал арқылы «Нұр-Авиценум» клиникасының диабет орталығында профилактикалық емдеуге жолдама аламын. Бір апта ішінде дәрігерлердің бақылауымен барлық қажетті емді аламын, соның арқасында қандағы глюкоза 12-13 микромольден 5-4 микромольге дейін төмендейді, — дейді пациент.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments