2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа көрсеткіштер күшіне енді. Бұл қатарда зейнетақы, ең төменгі жалақы және айлық есептік көрсеткіш те бар.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК 3692 теңгеге дейін өсті. АЕК салықтар мен міндетті жарналарға, әкімшілік айыппұлдар мен қылмыстық жазаларға, заңды тұлғалардың экономикалық көрсеткіштеріне, жәрдемақыларға және айлық есептік көрсеткіштердің белгілі бір саны бойынша өлшенетін басқа да әлеуметтік төлемдерге әсер етеді.
АЕК әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін қолданылады, мысалы:
- міндетті зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті медициналық сақтандыру сыйақылары;
- бала туған кездегі біржолғы төлемдер;
- ай сайынғы жұмыссыздық бойынша жәрдемақы мөлшері;
- еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша ай сайынғы жәрдемақы мөлшері;
- 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы мөлшері;
- 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы жәрдемақы мөлшері.
Ең төменгі жалақы (ЕТЖ)
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңге болады. Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмысшыларғе осы ең төменгі жалақыдан төмен емес деңгейде жалақы төлеуге міндетті.
Зейнетақы
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақының ең төменгі мөлшері — 57 853 теңге, жиынтық + базалық — 86 068 теңге, ал базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 28 215 теңгеге дейін өзгерді.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі
Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы — 43 407 теңге. Күнкөріс деңгейі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшеріне де әсер етеді.