Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетUncategorizedАдам өмірінің қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс

Адам өмірінің қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс

Су тасқыны  — бұл табиғи апат, оның барысында адамдар, жануарлар өліп, ғимараттар мен тұрғын үйлер қиратылады. Су тасқыны және су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік көбінесе оларға алдын-ала дайындалу арқылы қамтамасыз етіледі. Қазіргі кездегі барлық өңірлердегі су тасқындарының белең алып, қаншама адам баласының өміріне зиянын келтіріп жатқанын баршамызға аян су тасқынының салдарынан қаншама үйлер қирап, малдар шығыны орын алып, отбасылар үйсіз, жайсыз қалып жатқанын көріп, біліп отырмыз.

Президент Қасым-Жомар Тоқаев еліміздегі су тасқынына байланысты шұғыл кеңес өткізіп, зардап шеккен өңірлер тұрғындарына үлкен көлемде шығын келуіне байланысты өкінішін білдірді.  Қалыптасқан жағдайға байланысты тұрғындардан кешірім сұрады, жағдайды өз бақылауына алды. Барлық азаматқа көмек көрсетілетінін атап өтті. Осындай жағдайдың орын алуына алдын-ала шара қолданбағаны үшін жауапты қызметкерлер өз жазаларын алғаны да айтылды. Бірақ ол қаншама адамдардың үйсіз, малсыз қалуы мен қиын сәттерді басынан кешіргендерін орнына қоя алмайтыны аян.

Ендігі баршамыздың міндетіміз бірлікте жұмыла көмектесу шараларын ұйымдастыру,  қолдау көрсету. Қазір жаппай апат болған аймақтарға көмектесу мақсатында арнайы есептер ашылып, сондай-ақ гуманитарлық көмек жіберу үшін әр аудан жұмыла кірісуде. Енді болған іске бекем болып, барлық зардап шеккен отбасыларға қолымыздан келгенше көмегімізді аямайық! Еліміз аман,  жұртымыз тыныш болсын! Осындай олқылықтар енді орын алмасын. Орын алмауының алдын-алу ісіне жауапкершілікпен қарайық! Енді халқымыз қиналмасын, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»- демекші Ел екенімізді білдіріп, қиындықтарды бірге жеңейік!

 

 

Станкулова Гульзира Нуриевна

Жамбыл ауданы мәслихат депутаты, Жамбыл ауданының Аналар кеңесінің төрайымы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments