Вторник, 31 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтар31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31 мамыр — саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Халықтың мүддесі үшін күрескен қаншама қазақ зиялылары сотталып, жер аударылды. Нәтижесінде ХХ ғасырдың 30-40 жылдары елімізде Карлаг, Степлаг сияқты лагерьлер бірінен соң бірі ашыла бастады. 

Соның бірі «Алжир» деп аталатын әйелдер лагері. Мұнда саяси айып тағылғандардың басым бөлігі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің әйелдері, аналары, қыздары болған. Яғни құйтырқы саясаттың шырмауына түсіп, қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақын туыстары да азап шекті. 

Азаматтарды «халық жауы» деп жариялап, мемлекеттен қуу, дүние-мүліктерін тәркілеу, ас-сусыз қалдыру тәрізді жазалау шаралары кеңінен қолданылды. Салдарынан 120 мыңға жуық адам қуғын-сүргінде болып, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді.

 

Осындай қаралы жылдарды бастан кешкен қазағымның әрқайсысының кешкен мұңы, жүріп өткен тар жолдарының бәрі бүгінгі ұрпақтың мәңгі есінде. 

Бұл қасіретті күн ешқашан ұмытылмайды…

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments