«Адам папиллома вирусына қарсы егілетін вакцина бедеулікке әкеледі». Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпарат жалған. Денсаулық сақтау министрлігі халықты шындыққа жанаспайтын деректерді таратпауға және оған сенбеуге шақырды.
«Вакцина АҚШ-та өндірілген, әрі сертификатталған. Қауіпсіздігі дәлелденген», — дейді мамандар.
Елімізде жыл сайын осы кеселдің 1900 жаңа жағдайы тіркеліп, 600-ден астам әйел көз жұмады.