Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАЭС – энергия ресурстарына тәуелділікті азайтады

АЭС – энергия ресурстарына тәуелділікті азайтады

АЭС – еліміздің энергетикалық саясатының маңызды бағыты. Кейінгі кездері жаңартылатын әрі баламалы қуат көздерін дамытуға нақты бағыт алмақ. Бұл туралы экономика ғылымдарының кандидаты Ғалымжан Керімбек «Егемен Қазақстан» газетінде жазған мақаласында кеңінен тоқталды.

Сарапшының сөзінше, 2035 жылға қарай ел экономикасы мен халықтың қосымша электро энергетикалық сұранысы 18 ГВт-тан астам жаңа буынды қажет етеді. Яғни белгіленген уақытқа дейін қолданыстағы электрлі стансалардың генерациясы тек 135 млрд КВт сағат болса, қазіргі таңда тұтыну мөлшері 152,4 млрд КВт сағатты құрап отыр. Бұл ағымдағы энергия көздерінің болжамдалған мөлшерден бөлек, тіпті қазіргі жүктемелерді толықтай қам­та­масыз ете алмайтынын айғақтайды. «Болашақта атом энергетикасын дамытудың бірнеше елеулі артықшылығы бар екенін де ескеру қажет. АЭС елді энергиямен қамтамасыз ету көздерін әртараптандыруға, көмір мен газға тәуелділікті азайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ атмосфераға парниктік газ шығарындыларын азайтатын экологиялық таза энергия көзіне жатады. Атом энергиясы энергиямен қамтамасыз етудің тұрақтылығына да жауап береді. Өйткені АЭС үздіксіз жұмыс істейді әрі ауа райы жағдайына тәуелді емес. Заманауи технологияларды енгізу АЭС-тің жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Атом энергетикасы елі­міздің техно­логиялық дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді. Сонымен қатар АЭС-тің жұмыс істеуі олар орналасқан аймақтардың экономикалық өсуіне тікелей байланысты. Заманауи АЭС энергия тиімділігін арттырып, смарт-желілік жүйелерге біріктірілуі де мүмкін. Атом энергетикасы импорттық энергия ресурстарына тәуелділікті азайтып, елдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтады. АЭС энергетикалық инфрақұрылымын дамытудың ұзақмерзімді болашағын қамтамасыз етеді. Тіпті сутегі және басқа да жоғары технологиялық өнімдерді өндіруге пайдалануға болады. Оған қоса ядролық физика мен технология саласындағы зерттеулер мен инновациялардың серпілісіне жол ашады»,– дейді Ғалымжан Керімбек.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments