Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетАЭСАЭС энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етеді

АЭС энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етеді

2 қыркүйек күні Ел Президенті халыққа арнаған Жолдауында: «Күн өткен сайын экономикамызға мол энергия қажет болып жатыр. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады», – деп мәлімдеген еді. Атом электр станциялары – әлемдегі электр энергиясының маңызды көздерінің бірі. АЭС арқылы көптеген елдер экономикалық және әлеуметтік дамуда негізгі мәселелерін шешіп жатыр. Бүгінгі күні атом энергиясы экономиканың көптеген салаларында кеңінен қолданылады.

Атом электр станциясын салуға Балқаш көлінің жағасындағы Үлкен ауылы қарастырылған. Елді мекен Оңтүстік Қазақстанның мемлекеттік аудандық электр станциясын салу мақсатында 1979 құрылған. Бастапқыда 35000 адам тұратын, энергетиктерге арналған қала құрылысы жоспарланған. Ауылдың болашағы зор болатын. Алайда КСРО-ның ыдырауы жоспарды өзгертті, кәсіпорын құрылысы тоқтап қалған. Осыдан кейін ауылдың ажары кете бастады. Жұмыссыздық басым болды, халық үдере көше бастады. 1999-2010 жылдар аралығында мұндағы тұрғындар саны алты есеге азайған. Тағыда Үлкен ауылында 2012 жылы іске асырылмаған Балқаш ЖЭС жобасының алаңы болғандықтан, инфрақұрылымы бар, жерді тегістеу жұмыстары жүргізілген деп сол жерді таңдаған. Атом электр станциясының құрылысы оның айналасындағы инфрақұрылымды дамытуды да көздейді. АЭС тек Үлкен ауылының ғана емес, тұтас еліміздің халқына қатысты мәселе. Мысалы, аймақты дамытудың жаңа бағдарламасы жасалып, онда жолдар, мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер және т.б. салынады.

АЭС құрылысы экономикалық өсуді, жаңа жұмыс орындарының пайда болуын қамтамасыз етеді: АЭС салу кезіндегі 1 жұмыс орны аралас салаларда 10-нан астам жұмыс орнын құрауға мүмкіндік береді. Атом энергетикасының дамуы ғылыми зерттеулердің өсуіне және жоғары технологиялық өнімдер экспортының көлеміне ықпал етеді. Салудағы ең басты мәселе, әрине қауіпсіздік. Қазіргі станциялар барлық халықаралық стандарттарға сай, түрлі техногенді және экстремалды жағдайларды ескеріп салынған. Оны МАГАТЭ және WANO секілді беделді ұйымдар қадағалайды. Халықаралық бақылаушылар стан-цияны пайдалануға бермей тұрып оның қауіпсіздігін мұқият тексереді. Яғни, құжат әзірлеуден бастап, нысанның салынатын орны, тиісті инфрақұрылымның жеткізілуі сынды талаптар зерделенеді.

Атом станциялары – бұл республиканы ұзақ жылдар бойы электр энергиясымен қамтамасыз ете алатын және даму жолында экологиялық жағдайды жақсарту және электр энергиясын үнемдеу, ел аумағындағы кәсіпорындарды дамыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тұрақты, сенімді көз.

Забида ӘБДІҒАЛИҚЫЗЫ,Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

 

 

RELATED ARTICLES

Референдум 2024

Референдум 2024

Референдум 2024

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments