Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетАЭСХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ ҮЛГІЛІ АУЫЛЫНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАРҒА АЭС БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ ҮЛГІЛІ АУЫЛЫНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАРҒА АЭС БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Аудандық халықтық штаб мүшелері Үлгілі ауылында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Бұл басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауына байланысты маңызды мәселелер талқыланды, олардың ішінде атом электр станциясының ұтымды тұстары мен маңызы ерекше назарға алынды.

Кездесуде штаб мүшесі Меруерт Сағындыққызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген мәселелерге тоқталып, жиынның басты тақырыбы ретінде атом электр станциясының құрылысын атап өтті.

Меруерт Сағындыққызы: Қазіргі уақытта салынатын атом электр станцияларының технологияларының мүлдем өзгеше екенін атап өтті. Қазақстанның энергетикалық секторы көмір электр станцияларына аса тәуелді екенін атап өтіп, бұл тәсілмен ұзақ мерзімде энергия қуатын өндіру мүмкін емес екенін түсіндірді. Себебі, жұмыс істеп тұрған станциялардың тозу деңгейі жоғары, ал халық санының өсуі мен энергия тұтыну көрсеткішінің қарқынды артуы жағдайды қиындатып отыр. «Экономикасы дамыған елдермен тең дәрежеде болу үшін, бірінші кезекте электр қуатын шешіп алуымыз керек. Электр энергия – экономиканың локомотиві», — деп атап өтті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары АЭС-тың еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті екенін түсініп, бұл бастаманы қолдауға дайын екендіктерін көрсетті.

RELATED ARTICLES

Референдум 2024

Референдум 2024

Референдум 2024

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments