Суббота, 19 октября, 2024
Басты бет101 хабарлайдыЖылыту маусымындағы қауіпсіздік ережелері

Жылыту маусымындағы қауіпсіздік ережелері

Жылыту маусымында тұрғын үйлерде ережеге сай салынбаған жылыту пештерінің ақаулығынан өрт оқиғалары мен тұншықтырғыш улы газбен улану оқиғалары кездесіп жатады. Бірақ, жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан, тұрғын секторында улы және табиғи газбен уланудан адамдардың қаза болу мен жарақаттану жағдайлары орын алуда. Тұрғын секторында өрт жайттары мен улы газбен улану салдарынан қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында аудан түрғындарына келесі қауіпсіздік шараларын ескертеміз!

  • Ереже бойынша пештің түтін жолдары 3 айда бір рет ыстан тазартылып отыру қажет.
  • Жылу пешінің алдындағы еденге көлемі 50х70 сантиметр қаңылтыр қағылады. Жылу пешін еденнің бетіне орнатуға болмайды. Уақытша қолдан жасалған темір пештерін орнатқан жағдайда, темір пештерінің аяқтарының биіктігі 0,2 метрден кем болмауы тиіс, еденнің бетіне бірқатар кесек өріліп батпақпен сыланып темір пеш орнатылады.
  • Ағаш конструкцияларынан және ағаш жиһаздарынан 1 метр қашықтықта, беті сыланған қабырғалардан 0,7 метр қашықтықта орнатылуы тиіс. Негізінен келгенде пештің арнайы мамандығы бар кісілерге соқтырған жөн. Пеш дұрыс жанбаған, немесе жан-жағынан жалын шашқан жағдайда тездетіп арнайы маманға көрсетіп алған дұрыс.
  • Газды пайдалану өмірімізге мықтап енгендігі соншалық, газсыз ас-суды дайындау қиын-ақ. Яғни, газ тұрған бөлменің желдеткішін ашып ауасын тазартып алу, газ жүретін түтікшелердің жабық жағдайда екендігін тексеріп отыру керек. Газ баллондары мен газ плиталарын жалғастырып тұрған шлангаларында жарамды, жыртылмаған болуы қажет және редукторға, газ плитасына арнай хамут арқылы бекітілуі тиіс. Үйде газ болған жағдайда оны есікке жақын қою керек.

«Өрт тілсіз жау». Аяқ астынан шыққан өрт зардабы орны толмас өкінішке душар етеді. Бұл апаттан сақтану үшін әрбір тұрғын үй иесі сақтық шараларын жасағаны жөн. Өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар орын алған кезде дереу 101, 112 немесе 2-79-73 телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments