Жамбыл аудандық ТЖБ тұрмыста газ аспаптарын пайдалану әрқашан қауіп-қатермен байланысты екенін ескертеді. Кез-келген сәтте газдың шығуы мүмкін және қасіреттен құтылу мүмкін емес.
Жеке және көп қабатты үйлерде газ баллондарын және орталықтандырылған газбен жабдықтау желілерін пайдалану кезінде қайғылы оқиғалардың туындауын болдырмау үшін ұсынылады:
- Газ жабдығының сақталуын және тазалықта ұсталуын қамта-масыз ету;
- Газ жабдықтарының, түтін құбырлары мен желдеткіштердің қалыпты жұмысын қадағалау, газ аспаптары қосылғанға дейін және жұмыс уақытында түтін мұржасына газдың жану өнімдерін бұрумен тартылуын тексеру. Газдалған пешті пайдаланар алдында шибердің (мұржадағы арнайы тосқауыл) толық ашылғанын тексеру;
- Үй-жайда газ иісі қатты пайда болған жағдайда дереу газ құралдарын пайдалануды тоқтату, ашық отты және электр құралдарын пайдаланбау, үй-жайды желдету үшін терезе мен желкөздерді ашу және авариялық құтқару қызметтеріне 104, 101, 112 телефондары бойынша хабарлау қажет.
Абоненттерге тыйым салынады:
- Үйге (пәтерлерге, бау-бақша үйіне) өз бетімен газдандыруды жүргізу, газ жабдықтарын ауыстыру және жөндеу;
- Газ құралдарының конструк-циясына өзгерістер енгізу. Түтін және желдету жүйелерінің құрылымын өзгерту;
- Ұйықтауға және демалуға арналған газ аспаптары орнатылған үй-жайларды пайдалану;
- Жылыту радиаторынан немесе пештен кемінде 1 м баллонды орнату;
- Екі қабаттан жоғары ғимарат-тарда, соның ішінде тұрғын – үйлерде газ баллондарын пайдалануға болмайды.
Жамбыл аудандық ТЖБ.