Вторник, 18 марта, 2025
Басты бетUncategorizedСалық жүйесі – мемлекеттің тұрақтылығының негізі

Салық жүйесі – мемлекеттің тұрақтылығының негізі

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың салық жүйесінің маңыздылығына ерекше назар аударуы – өте өзекті мәселе. Расында, салық – кез келген мемлекеттің қаржылық негізі. Бюджетке түсетін қаражат болмаса, әлеуметтік міндеттемелерді орындау, халықтың әл-ауқатын арттыру, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту мүмкін емес.

Осы тұрғыдан алғанда, Үкіметтің салық реформасына қатысты ұсынған жаңа тәсілдері жалпы дұрыс бағытта жасалған қадам деуге болады. Себебі бұл шараларда негізгі экономикалық және әлеуметтік факторлар ескерілген. Әсіресе, қосымша құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін көтеру мәселесі қоғамда әртүрлі пікір тудырып отырғаны белгілі. Дегенмен Қазақстан – әлеуметтік мемлекет, яғни бюджет қаржысының басым бөлігі халықтың қажеттіліктеріне жұмсалатынын ескеру қажет. Бұл ретте, мемлекеттің қаржы көзін тұрақтандыру мақсатында салықтық реттеуді күшейту орынды шешім болмақ.

Алайда салық реформаларының сәтті жүзеге асуы үшін халыққа оның мәнін қарапайым, түсінікті тілмен жеткізу аса маңызды. Қаржылық және экономикалық реформалардың астарын көпшілік әрдайым жете түсіне бермейді. Сондықтан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуі керек. Сонымен қатар, салық ауыртпалығы кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнеске кері әсер етпейтіндей, олардың дамуына қолайлы жағдай жасалуы тиіс.

Редакция мемлекет басшысының бұл ұстанымын қолдай отырып, салық реформаларының әділ әрі тиімді жүзеге асырылуы – елдің экономикалық тұрақтылығының басты кепілі екенін атап өтеді. Салық саясаты қоғамның барлық тобына түсінікті және қолайлы болуы үшін билік пен халық арасында ашық диалог орнауы қажет.

Сандуғаш Айдарқызы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments