Среда, 19 марта, 2025
Басты бетЖаңалықтарМемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілуі

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілуі

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілуі

Қазіргі таңда еңбек заңнамасы қызметкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталғанымен, кейбір жұмыс берушілер оны сақтамай, түрлі заң бұзушылықтарға жол береді. Соның бірі — бала күтіміне байланысты демалыс беру мәселесі.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, бала күтіміне байланысты демалыс — әрбір қызметкердің заңды құқығы, яғни үш жылға дейін ақысыз демалыс алуға құқылы. Бұл демалысты ана да, әке де немесе баланы асырап алған адам да пайдалана алады. Сондай-ақ, қызметкердің жұмыс орны сақталуы тиіс.

Осыған орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі істер агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен, бала күтіміне байланысты еңбек демалысы мәселесі бойынша арыз қаралды. Арызда көрсетілген автоматтандырылған бірыңғай дерекқор «Е-Qyzmet» ақпараттық жүйесіне 2024 жылғы  2 қыркүйектегі  өкімнің (әрі қарай — Өкім) енгізілмегеніжәне тиісінше рәсімделмегені туралы фактілер расталды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының  2022 жылғы 21 шілдедегі №163 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы Ережені басшылыққа ала отырып, бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін қарау ұсыныс берілді. Ұсыныстың қорытындысы бойынша заңнама нормаларын бұзуға жол берген лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Алматы облысы бойынша

департаментінің мемлекеттік қызмет

саласындағы бақылау басқармасының

бас маманы О. Қалымжан

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments