Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілуі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдарда өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Департамент бақылау функцияларын асыру барысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мәселесіне аса назар аударылады. Осыны ескере отырып, бақылау кезінде жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларын тыңдап, жиі орын алатын бұзушылықтарға талдау жасап, түсіндірме жұмыстарын күшейту және алдын алу жөніндегі ұсыныстар беру мәселесіне де ерекше назар аударылуда.
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша жыл басынан 114 шағымдар қаралды. Солардың бірі мемлекеттік мекеме тарапынан мамандарға қарасты тәртіптік жаза қолдану Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы №152 қағидасының тармақтары бұзылғаны анықталды.
Қағиданың 34 тармағына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік қызметші өзінің жазбаша түсініктемесінде теріс қылық жасау фактісімен келіссе, онда уәкілетті адамның қызметтік тергеп-тексеру жүргізбей ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түрінде жаза қолдануға құқығы бар. Қағиданың 35 тармағына сәйкес, егер мемлекеттік әкішілік қызметші өзінің жазбаша түсініктемесінде теріс қылық жасау фактісімен келіспесе, онда Қағидаларда айқындалған тәртіпке сәйкес, қызметтік тергеп-тексеру жүргізілуі тиіс. Алайда жоғарыда айтылған мемемлекеттік мекеметарапынан тәртіптік жаза қолдану барысында Қағидалардың тармақтары бұзылғаны айқындалды.
Осыған орай, аталған қолданыстағы заңнаманы бұзу, жауапты тұлғалардың жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін, заңнама нормаларын бұзуға жол берген лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып мемлекеттік қызметшіге қолданылған тәртіптік жаза жойылып, құқығы қалпына келтірілді.
Департамент бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасына бағытталған шараларды жүзеге асырылуда.
Одан бөлек, жүргізілген бақылау шараларыныңқорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың қызметшілері арасында үнемі түсіндірме шаралары жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Алматы облысы бойынша
департаментінің мемлекеттік қызмет
саласындағы бақылау басқармасының
бас маманы А. Нурекина