Оспанбеков Қанат Дәулетбайұлы– еңбек жолын адал атқарған, механизатор мамандығын өмірлік кәсібіне айналдырған жан. Ол жастайынан техникаға жақын болып, тракторист ретінде ауыл шаруашылығы мен жол құрылысы саласына өз үлесін қосты. Ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек етіп, еңбектен қол үзбеген азамат.
Механизатор мамандығы – үлкен жауапкершілікті, ептілікті, төзімділікті қажет ететін сала.Қанат Дәулетбайұлы техникамен жұмыс істеудің шебері ретінде түрлі ауыл шаруашылық құралдарын құрастырып, қазіргі күнге дейін осы іспен айналысып келеді. Оның тәжірибесі мен еңбегі дамуына қосқан маңызды үлес болып табылады.
Мұндай жандар – еңбек адамының жарқын үлгісі. Ол еңбекқорлығымен, мамандығына адалдығымен, жылдар бойы жинаған білімі мен тәжірибесімен кейінгі ұрпаққа үлгі бола алады