Вторник, 22 апреля, 2025
Басты бетЖаңалықтарЕнді әр адам өз ата-бабасының батырлығы, соғысқа қатысуы немесе ерлікке толы оқиғалары...

Енді әр адам өз ата-бабасының батырлығы, соғысқа қатысуы немесе ерлікке толы оқиғалары жайлы мәліметті бөлісе алады

«Батырларға тағзым» — Ұлы Отан соғысы қаһармандарын ұлықтайтын онлайн жоба. Ол 2022 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бастау алған еді. Аталмыш жоба аясында онлайн-ресурс әзірленіп, арнайы сайтта 2014 жылдың 9 мамырынан бастап бүгінге дейін Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерінің ерлігін суреттейтін 3,5 мың оқиға жарияланды.

Сайтқа кез-келген адам өз ата-әжелерінің ерлігі туралы мәліметті жүктей алады. Соның арқасында сайт басқа оқырмандарға іздеу қызметі арқылы Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерінің аты-жөні арқылы керек адамын тауып, оның ерлігі туралы мәлімет алу мүмкіндігін сыйға тартып отыр.

Жоба оқырмандарды Қазақстанның белгісіз әрі танымал емес батырларымен таныстырады, әрі ардагерлердің туыстарына соғыстан кейін жоғалған жақындарын табуға көмектеседі.

Платформа ұрпақтарды біріктіріп, тарихи жадты сақтауға көмектеседі.
Өз мәліметіңізді https://batyrlarga-tagzym.kz/kz сайтына жүктей аласыз.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments