Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Алматы облысындағы соғыс ардагерлеріне 5 млн теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек тағайындалды. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Жансерік Әдиахметов мәлімдеді.
Ұрпаққа жарқын болашақ сыйлаған майдангерлерге өзге де әлеуметтік көмек түрлері қарастырылған, – деді Жансерік Әдиахметов.
Спикердің айтуынша, 2543 тыл ардагеріне әрқайсысына 58 980 теңгеден, жалпы сомасы 150 млн теңге көлемінде қаражат бөлінген. Бұдан бөлек, Ленинград қоршауына қатысқан 2 адамға әрқайсысына 157 мың теңгеден, сондай-ақ сұрапыл соғыста азаматынан айырылған 38 анаға 15 АЕК мөлшерінде әлеуметтік төлем берілген.
Сонымен қатар, ҚР «Ардагерлер туралы» заңына сәйкес, шетелдегі әскери қақтығыстарға қатысқан 750 ардагерге 147,5 млн теңге қарастырылған. Оның ішінде:
• Тәжік-Ауған шекарасын күзеткен 458 сарбазға – 90 млн теңге;
• Ирактағы халықаралық бітімгершілік миссиясына қатысқан 101 әскери қызметшіге – 19,9 млн теңге;
• Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығыстарды реттеуге қатысқан 191 адамға – 37,6 млн теңге бөлінген.
Бұндай бастамалар – Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегіне көрсетілген құрметтің жарқын көрінісі. Ел басына күн туған шақта жанқиярлық танытқан ардагерлердің ерлігін еске алып, олардың әл-ауқатын жақсарту – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы.