Қыстаубаев Құрманбай 14.05.1962 жылы Үмбетәлі ауылында дүниеге келген.
01.09.1969 жылы С.М.Киров атындағы мектептің табалдырығын аттап, 10 жылдық мектепті аяқтағаннан кейін 01.09.1980 жылы Ұзынағаш ауылындағы “СПТУ” училищесінде «Механизатор көлік жүргізушісі» (трактор, автокөлік) мамандығын оқыған. Еңбек жолын туған ауылы Үмбетәліде бастады. «Прогресс» совхозында 1990 жылға дейін көлік жүргізушісі болды.
Тракторларды айдап, науқандық жұмыстар — егін орағы, жер жырту, мал шаруашылығында — жем, шөп тасу жұмыстарымен айналысты. 12 га жерге арпа, жоңышқа егіп, шөп шабу, жинау, престеу, егін егу тағы басқа ауқымды еңбегімен ауыл тұрғындарына да өз қызметін ұсынуда.
Құрманбай ағамыздың алған алғыстары да аз емес. 2014 жылы Алматы облысының әкімі М.Сұлтанғазиевтен «Алғыс хат», 2016 жылы М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи- өлкетану музейінің директоры және халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаев әдеби- мемориалды музейінің меңгерушісі Ә.Искаковтен «Алғыс хат», 2018 жылы Шолаққарғалы ауылдық округі әкімі М.Керімбаевтен «Алыс хат», 2021 жылы Жамыл ауданы әкімі Н.Ертастан «Алғыс хат», 2021 жылы Жамбыл аудандық ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Б.С.Жақыпбековтен «Мадақтама», 2022 жылы Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Келбаевтен «Алғыс хат», 2022 жылы Шолаққарғалы ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы К.Батырбаевтен «Алғыс хат», 2024 жылы Жамыл ауданы әкімі Н.Ертастан «Алғыс хат», 2025 жылы Жамбыл аудандық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің «БАЧА» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Ибраимовтен «Құрмет грамотасы» иегері болып табылады.