Вторник, 6 мая, 2025
Басты бетЖаңалықтар5 мамыр күні Батырларға тағзым» атты бірегей веб-порталының таныстырылымы мен құжаттық көрме...

5 мамыр күні Батырларға тағзым» атты бірегей веб-порталының таныстырылымы мен құжаттық көрме өтті

5 мамыр күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық архивінде Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық майдангерлер туралы «Батырларға тағзым» атты бірегей веб-порталының таныстырылымы мен құжаттық көрме өтті.
Іс-шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы халықтардың ерлігін, бірлігін мәңгілік ететін тарихи дата қарсаңында ел тағдырын өз тағдырынан биік қоя білген, ел тұғырын биік ету жолында  ерлікпен қаза тапқан һас батыр бабаларымыздың қаһармандықтарына мың тағзым ете отырып, Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлерді мәңгі есте сақтау.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі іске қосқан «Батырларға тағзым» (https://batyrlarga-tagzym.kz) сайтында қазірдің өзінде 678 331 ардагер, оның ішінде 365 Кеңес одағының батыры, 4 екі мәрте Кеңес одағының батыры және 19 «Даңқ» орденінің кавалері,  «Даңқ» орденінің иегерлері және басқа да ержүрек жауынгерлер туралы кең көлемді мәліметтер базасы мен галереясы бар.
Сонымен қатар аталған порталға бірнеше елден де қызығушылық артып, ұсыныстар түсуде. Атап айтсақ, Ресей, Әзербайжан, Белорусь, Молдова, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Украинадан 80-ге жуық өтінім келді.
Іс-шара аясында көрме ұйымдастырылып«Батырларға тағзым» сайтындағы ардагерлердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің қорынан алынған Ұлы Отан соғысының ардагерлері Кәри  Абитов, Тәңірберген Қалиханов, Хамит Ерғалиев, Мәлік Ғабдуллин, Ермекқали Серікбаевтың құжаттары, майданда жазған хаттары қойылды.
Іс-шараға ҰОС ардагерлері Әнуарбек Сүйіндіков пен Тәңірберген Қалихановтың ұл-қыздары, белгілі  қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, студенттер мен оқушылар қатысты.
Бұл жоба – ІІ Дүниежүзілік соғыста ұрпақалдындағы борышын атқарып, ел ертеңі үшін күрескен барша қазақстандық ардагерлерге көрсетілген құрмет әрі болашақ ұрпақтың жадында тарихи шындықтың мәңгі сақталуына жасалған маңызды қадам.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments