Воскресенье, 15 марта, 2026
Басты бетРеферендум-2026«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы референдумда дауыс берді

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы референдумда дауыс берді

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы, Алматы облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев республикалық референдумда өз таңдауын жасап, Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Ол белгіленген сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышын орындап, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға қатысу әр азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті.

«Бүгін референдумға келіп, өз таңдауымды жасадым. Мұндай маңызды күндері әр азамат елдің болашағына бейжай қарамай, өз пікірін білдіруі керек. Сондықтан тұрғындарды референдумға келіп, өз таңдауларын жасауға шақырамын», – деді Қуат Байғожаев.

Айта кетейік, 15 наурыз күні Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр. Дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments