Шараның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының көкейкесті мәселелерін тыңдап, оларға нақты шешімдер ұсыну, сондай-ақ халық пен билік арасындағы байланысты нығайту.
Айдарлы ауылының мәдениет үйінде өткен кездесуге:
•Алматы облыстық мәслихат депутаты Меруерт Сағындыққызы Молдашева,
•Жамбыл аудандық мәслихат депутаттары Жанат Алиакбарқызы Абдымолдаева мен Дәурен Дәукенұлы Тойбаев,
•Жамбыл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Аян Асқарұлы Нұрпейісов қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар:
•инфрақұрылым мәселелері,
•денсаулық сақтау,
•ауыл шаруашылығы,
•суармалы жерлер мен жарыққа қатысты проблемаларын көтерді.
Жауапты сала мамандары әр сұрақ бойынша нақты жауаптар беріп, кейбір мәселелер бойынша орында қаралып, бақылауға алынатынын жеткізді.