Site icon ATAMEKEN

Əділет жолындағы жауапкершілік

Əділет органдарында еңбек ету – жай ғана мамандық емес, елге қызмет етудің ерекше бір жолы. Күнделікті атқаратын жұмысымыздың ар жағында мемлекеттің құқықтық негіздерін нығайту, заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау секілді аса маңызды міндеттер тұр. Сондықтан біз үшін заңды білу жеткіліксіз. Оны терең түсініп, əрбір шешімде əділдік пен жауапкершілікті қатар ұстану – кəсіби парызымыз.

Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің ресми тарихы ХХ ғасырдың басынан бастау алады. 1919 жылғы 30 қыркүйекте Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Əскери-революциялық комитеттің қаулысымен алғашқы Əділет бөлімі құрылды. Бұл – қазақ жеріндегі əділет органдарының жүйелі түрде қалыптасуына жол ашқан тарихи қадам еді. Кейін осы айтулы дата əділет саласы қызметкерлерінің кəсіби мерекесінің негізіне айналды. Жыл сайын 30 қыркүйекте біз кəсіби мерекемізді атап өтеміз.

1920 жылы мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуына байланысты Əділет бөлімі Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Əділет халық комиссариаты болып қайта құрылды. Сол кезеңде ведомствоның қызмет аясы кең болды. Заңнамалық құжаттарды əзірлеумен қатар, сот жүйесі мен прокуратура қызметіне қатысты бірқатар міндеттер де осы құрылымның құзыретінде болды. Кейінгі жылдары мемлекеттік басқару жүйесінің өзгеруіне қарай əділет органдарының құрылымы мен өкілеттіктері де бірнеше рет қайта қаралды. 1946 жылғы 28 наурызда Қазақ КСР Əділет халық комиссариаты Қазақ КСР Əділет министрлігі болып қайта құрылды. Алайда əкімшілік-саяси реформалар кезеңінде министрлік қызметінде де өзгерістер орын алды. 1960 жылғы 26 наурызда Қазақ КСР Əділет министрлігі таратылды. Арада он жыл өткен соң, 1970 жылғы 25 қыркүйекте, əділет министрлігі қайта құрылып, құқықтық саланың мемлекеттік басқару жүйесіндегі орны қайта айқындалды.

Бұл – əділет органдарының қалыптасу, шыңдалу жəне кəсіби тəжірибе жинақтау кезеңдері еді. Осы салада еңбек еткен аға буын өкілдерінің маңдай тері мен кəсіби ізденісі кейінгі ұрпаққа үлкен мектеп болды. Бүгінде біз сол қалыптасқан дəстүрді жалғастырып, уақыттың жаңа талаптарына сай қызмет етіп келеміз.

Қазақстанның тəуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы əділет органдарының алдына да мүлде жаңа міндеттер қойды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда

Exit mobile version