Site icon Атамекен

Əлия Молдағұлованың туғанына – 100 жыл

Музейаралық байланыс: ынтымақтастық арта түсті

Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен тұс келген мерейтойлардың бірі Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы  Ақтөбе қаласында  ауқымды шара ретінде аталып өтті. 12-13 маусым күндері өткен «Әлия қаһарман- дык дастаны» атты мерейтойлық шараға қаһарман қыздың ұрпағы ретінде мен де қатысып келдім. Ақтөбе облысы бойынша ұйымдастырылған бұл шара республикалық жоғары деңгейде өтті.
Екі күн бойы өткен іс-шаралар ете тартымды, патриоттық сезімге толы болды. Ең алдымен, Ә.Молдағұлованың мемориалдық ескерткіш кешеніне гүл шоқтарын кою рәсімі өтті. Бағдарлама аясында «Ғасырларға жалғасқан ерлік» форумы, Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мемориалдық музеймен танысу, облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия және Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрда «Әлия» мюзиклінің премьерасы ұйымдастырылды.
Келесі күні Әлия Молдағұлованың туған жері Бұлақ ауылына, кейін Қобда ауылына жолға шықтық. Бұл сапарда театрландырылған көрініс, спорттық жарыстар, концерттік бағдарламалар ұсынылды. Содан кейін Әлия ауылына аттанып, Ақтөбе қаласында өткен «Әлия ғұмыр» атты гала-концертті тамашаладық.
Ақтөбе қаласының тұрғындары баршамызды ерекше қонақжайлылықпен қарсы алып, зор ықыласпен шығарып салды.
«Мен Тарихқа үңілсек, 1941 жылдың күзінде атақты ақын Жамбыл Жабаевтың «Ленинградская правда» газетінде «Ленинградтық өренім» атты өлені жарияланған болатын. сіздермен біргемін, ленинградтықтар!» деген Ұран сол кезеңдегі жұртшылыққа рухтың тірегіне айналды. Орыс тіліне аударылған бұл өлеңдер үнпарақтарға басылып, Ленинград ғимараттарының қабырғаларына ілінді және
радио арқылы таратылды.
Осы өлеңді Әлия алғаш оқушы кезінде газет бетінде көріп танысқан. Радиодан берілгенде де зер сала тыңдаған. Жамбылдың бұл өлеңі Әлияның туған жері Бұлаққа деген сағынышын басып, білім нәрімен сусындатқан Ленинград қаласына, Отанға деген адалдық пен қамқорлық сезімін оятқан. Қан майданының алдыңғы шебінде жүргенде Ж.Жабаевтың, Б.Бұлқышевтың және баска да ақын- жазушылардың жыр жолдары батыр қыздың рухын көтеріп, қайсарлығын шыңдай түсті. Сол үшін де жауынгерлер оны «қазақтың қасқыр қызы» деп атады.
Биыл батыр қыз Әлияның 100 жылдығы аталып өтуде. Келер жылы Ұлы Отан соғысының қаһарман ақыны атанған Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы ұйымдастырылмақ. Осы тарихи белестер аясында кос музей Ақтөбедегі Ә.Молдағұлова атындағы мемориалды музей мен Алматы облыстық құжаттама және архив басқармасы, сондай-ақ Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музей басшылары өзара меморандумға қол қойып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Салтанат ТЕЗЕКБАЙҚЫЗЫ, Жамбыл Жабаев атындағы әдеби- мемориалды музей директоры.

Exit mobile version