Вторник, 16 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтар"Egov Press" интернет порталында Қаратал ауданының басшылығына қатысты петиция жалған болып...

«Egov Press» интернет порталында Қаратал ауданының басшылығына қатысты петиция жалған болып шықты

Халықтың атын жамылып, жалған петиция жасаған. 26 қаңтарда «Egov Press» интернет порталында Қаратал ауданының басшылығына қатысты петиция пайда болды. Жариялаушы бастапқыда құжат соңына өз есімін енгізген. Бірақ кейіннен оны өшіріп, Қаратал ауданының тұрғындары атынан деп өзгертіпті. Сәлден кейін бұл жарияланымды тіпті алып тастаған. Осы орайда облыс әкімі аппаратының арнайы жұмыс тобы тексеру жүргізді. Нәтижесінде аймақтың жиырмаға жуық қоғамдық ұйым белсенділері құжатта көрсетілген мәселенің негізсіз, шындыққа жанаспайтынын анықтады.

ҒАБИТ ТҰРСЫНБАЙ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ:
Жұмысшы топ барып, қаншама адаммен кездесіп, қаншама мемлекеттік қызметкерден түсініктеме алып, тексеру жүргізгенде жаңағы жалған ақпараттардың шығуы бұл қоғамға да, мемлекеттік тұрғыда да келіп жатқан қаншама материалдық, моральдық зиян. Сондықтан да біздің халқымыздан, Алматы облысының тұрғындарынан сұрайтынымыз, әлеуметтік желіде бір нәрсені жарияламас бұрын оның анық-қанығына көз жеткізіп, ертең біреудің намысына тимей, біреудің абыройына нұқсан келтірмей, егер ол шынымен болса әрине тексеріп расталса жөні бөлек, ал енді жалған ақпарат тарату, негізсіз жала жабу заң жүзінде жауапқа тартылатынын ескеруі керек.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments