Жексенбі, Қыркүйек 25, 2022
Басты бет Жаңалықтар "Jas Otan" жастар мүшесімен кездесті

«Jas Otan» жастар мүшесімен кездесті

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай бүгін Жамбыл ауданына «Nur Otan» партиясының жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Жетпісбаев Нұржан Арғынұлы,Алматы облыстық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Ақболатов Еркебұлан Ешмұхаметұлы арнайы іссапармен келді. Іссапар барысында Нұржан Арғынұлы мен Еркебұлан Ешмұхаметұлы Жамбыл ақынның басына барып Құран бағыштап, ақынның рухына тағзым етті. Сондай-ақ, Жамбыл ақынның мұражайының мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына өткен жас депутаттармен, «Jas Otan» жастар қанатының мүшелерімен кездесіп, сұхбат түрінде кездесу өткізді. Кездесу барысында «Jastar Otanga» атты «Nur Otan» партиясының жобасы аясында үстіміздегі жылы атқарылатын бірнеше жоспарларды атап өтті. Кездесу барысында Нұржан Арғынұлы жастарды білім-ғылымға көбірек көңіл бөліп, ел ертеңін бірге гүлдендіруге шақырды. Жастармен сұхбат өткізгеннен кейін мәртебелі меймандар ақынның мұражайын аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.

Е.Еркін

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments