Сенбі, Қазан 1, 2022
Басты бет «Nur Otan» «Nur Otan» депутаттары халыққа дем беруде

«Nur Otan» депутаттары халыққа дем беруде

«Nur Otan» партиясы сайлауға белсене қатысты. Енді сайлау өткеннен кейін партия қандай жұмыс істеп жатыр? Депутаттардың қызметі қандай деген сұрақтар туындайтыны орынды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаттары мен Сенат депутаттарынан өзге аудандық жəне облыстық мəслихат депутаттары мемлекеттен ешқандай айлық алмайтынын сіз білетін бе едіңіз? Кейбір адамдар бұдан бейхабар тəрізді. Десе де, аудандық жəне облыстық мəслихатқа «Nur Otan» партиясы атынан сайлауға түсіп, праймериз кезінде өзге қарсыластарынан оқ бойы озып шыққан депутаттар бүгінгі таңда халықтың жанынан табылып, көмек қолын созуға барынша атсалысып жүр. Олар мемлекет маған не береді деп емес, менің мемлекетке, халыққа қайтсем пайдам тиеді деген мақсаттан айныған емес.

Аудандық жəне облыстық мəслихаттың депутаттары сайлау науқаны аяқталғаннан кейін де халықты «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдап, оларды толғандырыған мəселелерге зер салып, партияның «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» жобалары аясында қолдан келгенше көмек беруде.

Айталық, Алматы облыстық мəслихатының депутаттары Елдос Үшкемпіров мүмкіндігі шектеулі 2 сəбиді толықтай емделуге қомақты сомада қаржылай көмек берсе, Дəулет Жарасбаев тұрмысы төмен отбасының медициналық колледже оқитын ұлының оқу ақысын төлеп, жалғызбасты ананың балаларына киім-кешек пен азық-түлік алып берді. Сондай-ақ, аудандық мəслихат депутаттары Темірлан Шайнүсіпов, Сəуле Əлімқұлова бастаған аға буын депутаттар мен Айдын Жүнісов көшті жалғаған жас депутаттар да халық арасынан табылып, қиын кезде оларға барынша дем беруде.

Халықтың өздеріне артқан сенімін ақтауға тырысып жүрген осындай өнегелі депутаттар əрдайым сүрінгенге тіреу, қиналғанға демеу болатынын əлі де дəлелдей бермек.

 Е.ЕРКІН.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments