«Nur Otan» партиясы атынан әкімдікке үміткер кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде
"Атамекен" газеті
15-17 шілде аралығында «NUR OTAN» партиясынан ұсынылып отырған кандидаттар сайлаудың екінші кезеңі үгіт-насихат жұмысын бастады. Үлгілі ауылдық округінде Батырбаев Тұрар Болатханұлы өзіне бекітілген күнделікті үгіт-насихат жоспарымен жұмыстар атқарып жатыр.Соның ішінде офлайн форматта 13 іс шараны қамтып, онлайн форматта 8 іс-шараны өз әлеуметтік желісінен тікелей эфир өткізді. Ауыл тұрғындарымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Шиен ауылдық округінде Иманбаев Еркін Жайлаубайұлыда дәл осындай күнделікті үгіт-насихат жұмысын толыққанды атқарып 20 іс-шараны офлайн форматта өткізіп, ауыл тұрғындарымен үгіт-насихат жұмыстарын,онлайн форматта 8 іс-шараны өз әлеуметтік желісінен тікелей эфир жұмыстары жүргізуде.