Site icon ATAMEKEN

«Plast Invest Production» зауытында референдум бойынша ақпараттық кездесу өтті

Үңгіртас ауылдық округі аумағында орналасқан «Plast Invest Production» зауытының ұжымымен 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында зауыт қызметкерлеріне референдумның маңыздылығы, оның ел болашағы үшін атқаратын рөлі және әрбір азаматтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуының маңызы кеңінен түсіндірілді.
Іс-шара барысында мамандар референдумның мәні мен мазмұнына тоқталып, бұл – халықтың өз пікірін білдіріп, ел дамуына тікелей үлес қосатын маңызды демократиялық құрал екендігін атап өтті. Сонымен қатар қатысушыларға дауыс беру тәртібі, референдумның өту күні мен азаматтардың құқықтары туралы толық ақпарат берілді.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Зауыт қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті мамандардан нақты жауаптар алды.

Мұндай ақпараттық түсіндіру жұмыстары азаматтардың саяси сауаттылығын арттыруға және референдумға деген қызығушылығын күшейтуге бағытталған.

Жиын соңында зауыт ұжымы алдағы референдумға белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын жеткізді. Әрбір азаматтың дауысы маңызды екені атап өтіліп, барша тұрғындарды 15 наурыз күні өтетін референдумға қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды.

#референдум
#атазаң
#конститутция
#жамбылауданы

Exit mobile version