Вторник, 16 апреля, 2024
Басты бетСайлау—2023Respublica кандидаттары небәрі 4 күннің ішінде 10 мың қазақстандықпен кездесті

Respublica кандидаттары небәрі 4 күннің ішінде 10 мың қазақстандықпен кездесті

Respublica партиясы сайлау науқанын аса белсенділікпен бастады. Республика аумағында өтіп жатқан іс-шараларға партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, тең төрағалар Динара Шүкіжанова, Бейбіт Әлібеков, Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Қуаныш Шонбай, Максим Барышев, Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ партия мүшелері мен депутаттыққа кандидаттар қатысуда. Партия республикалық, сондай-ақ 20 облыстық штаб ашты. Жалпы, небәрі 4 күннің ішінде партия мүшелерімен кездесуге еліміздің төрт қаласынан 10 мыңнан астам адам қатысты.

«Ақыры көптен күткен сәт  те келіп жетті.  Сайлау науқаны басталды.  Енді біз барлық күшімізді жұмылдыра отырып, жұмыс істей аламыз! Мен сіздердің әрқайсыңыздың осы күнге дейін де қаншалықты ұзақ әрі ауыр жұмыс істегендеріңізді білемін — уақытылы тамақтанбау, ұйқы режимінің бұзылуы, күрделі тапсырмаларды орындау сияқты қиындықтар барлығыңызды мазалағанын білемін.  Қателіктер де болды, жеңістеріміз де аз емес.  Ең бастысы, біз сапарымызда осы маңызды кезеңге де келіп жеттік! Бүгіннен бастап республикалық, облыстық штабтардың есігі әр азаматқа айқара ашық», — деді партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров Республикалық штабтың ашылу салтанатында.

Respublica сайлауалды турын Алматы қаласынан бастады, партия жетекшілері мен Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар мінген ReBus автобусы жолға шықты. Оңтүстік астанада халықпен өткен алғашқы кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырған А.Қожаназаров еліміздің нағыз байлығы – адамдар, қазақстандықтар екенін, сондықтан да елімізге адам капиталына инвестиция қажет екенін баса айтты.

«Кез келген саяси жеңістер мен экономикалық жетістіктер адами капиталдың сапасын жақсартып, азаматтардың өміріне оң өзгерістер әкелмесе, оның ешқандай да құны жоқ. Қазақстандықтар елде демонстрациялар қолдайтын күшті, салауатты балама бар екенін білуі және түсінуі керек. Жаңа Қазақстанның барлық азаматтары саяси шешімдер қабылдауға ықпал ете алуы керек», — деп атап өтті партия жетекшісі.

Өз кезегінде Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау алдағы сайлауда азаматтардың саяси белсенділігі артып, партиялар арасында салауатты бәсекелестік орнайтынына сенім білдірді.

«Бірінші күні біз жиналғандардың 80 пайызы жастар екенін көрдік. Сондықтан бұдан былай да осы санаттағы электораттың белсенділігіне үлкен мән береміз. Бәлкім, биылғы сайлауда сайлаушылардың бұрынғыдан әлдеқайда жоғары болуы да солардың арқасында шығар. Біздің партия да сайлауға қатысқандардың ішіндегі ең жасы. Сенім мен қолдау білдірген барлық азаматқа алғысымыз шексіз. 19 наурызда халық дұрыс таңдау жасайтынына сенімдімін», — деді С.Тау.

Respublica партиясының мүшелері Алматыдан кейін Кербұлақ ауданындағы Сарыөзекке барып, жергілікті халықпен кездесіп, халықтың көкейінде жүрген түйткілдері мен тілектерін білді. Одан әрі кездесулер Жетісу облысы Талдықорған қаласында жалғасты. Мұнда 1000-нан астам адам қатысқан «Жақтастар» форумы мен партия жетекшілерінің, депутаттыққа кандидаттардың және республикалық сайлауалды штаб мүшелерінің қала халқымен кездесуі өтті.

«Қазіргі сайлау кезеңі еліміз үшін ерекше, өйткені елімізде көп жылдардан бері алғаш рет жаңа партиялар тіркеліп, сайлау науқанына белсенді түрде қатысуда. Біз – Respublica партиясы, жаңа пайда болғанымызға қарамастан, біз — бизнес өкілдері елді қалай өзгерту керектігін білеміз. Біз шын жүректен азат және гүлденген Қазақстанда өмір сүргіміз келеді», — деді форумда Respublica партиясының тең төрағасы, Мәжіліс депутаттығына кандидат Динара Шүкіжанова.

«Біздің партия қазақстандықтардың өмірінің барлық салаларындағы қажетті өзгерістерге нақты көзқараспен қарайды. Біз шағын және орта бизнесті дамытуды жақтаймыз және бюрократиямен, сыбайлас жемқорлықпен, несиелеудің жоғары мөлшерлемесімен, үлкен салық ауыртпалығымен және басқа да проблемалармен күресетін боламыз. Біз Қазақстанның барлық азаматтарының мүдделерін қорғау және ашық әрі бәсекеге қабілетті болуы тиіс мемлекеттік органдардың ашықтығы үшін күресетін боламыз», — деп қосты С.Тау.

Сондай-ақ Алматыда Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар «APR Contruction» ЖШС құрылыс компаниясының еңбек ұжымымен кездесті. Оның аясында партия мүшелері жұмыс істейтін жастарды қолдаудың, кәсіпкерлерге мүмкіндік берудің маңыздылығын айтты. Алдағы уақытта, мұндай кездесулер басқа өңірлерде де жалғасын табады.

Мәжіліс депутаттығына кандидат Махамбет Хасенов өз сөзінде елдегі халықтың біршама қиын жағдайына назар аударды. Ол халықтың бір несиені өтеу үшін екінші несиені жоғары пайызбен алуға мәжбүр екенін айтты.

«Біз халық арасынан шыққан адамдар болғандықтан, қарапайым халықтың қандай жағдайда өмір сүретінін жақсы білеміз! Сондықтан біз несиелік саясатты өзгертуді жақтаймыз. Жеке тұлғаларға берілетін несиені қайтару мерзімін кем дегенде 20 жылға дейін ұзартып, пайыздық мөлшерлемені төмендету керек», — деді М.Хасенов.

Айта кетейік, кездесулердің бірінде Динара Шүкіжановаға «Басшылық қызметтегі әйелдер тақырыбын насихаттайсыз ба?» деген сұрақ қойылған еді.

«Білесіз бе, мен «АгромашХолдинг KZ» АҚ президентімін, «Қостанай трактор зауыты» ЖШС директорымын. Мен қызметкерлердің 90%-ын ер адамдар құрайтын команданы басқарамын. Мен басшылық қызметте жүргеніме 12 жыл болды, бірақ менің орнымда басқа адам болса, оған 8 жыл уақыт жеткілікті болар еді. Мен қандай қызмет саласы болсын, мейлі инженерлік, медицина, мейлі мемлекеттік қызмет болсын, әйелдер мен ерлердің құқықтары тең болуын жақтап жүремін және қолдаймын!», — деді Д.Шүкіжанова.

Д.Шүкіжанова гендерлік теңдік тақырыбын талай рет көтерген. Осылайша, ол Талдықорған қаласында сөйлеген сөзінде ел билігінде әйелдердің барынша көп болуын шын жүректен армандайтынын баса айтты.

Небәрі 4 күннің ішінде Respublica партиясы 10 мың адам қатысқан жиындар өткізіп үлгерді, бірақ сайлауалды тур енді ғана қарқын алып келеді. 2023 жылдың 17 наурызын қоса алғанда бір айға жуық уақыт бойы, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар еліміздің барлық өңірін аралап, қазақстандықтардың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылайды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments