Пятница, 27 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарАкцизделетін тауарлар бойынша пилоттық жобаның мерзімі 1 сәуірге ұзартылды

Акцизделетін тауарлар бойынша пилоттық жобаның мерзімі 1 сәуірге ұзартылды

ЕАЭО шеңберінде акцизделетін тауарлар, Импорт/Экспорт және Виртуалды қойма тауарлары бойынша пилоттық жобаның мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартылды.

ЕАЭО шеңберінде тауарлар айналымын толассыз бақылап отыруды қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ресімдеу жөніндегі пилоттық жоба басталғанын естеріңізге сала кетейік.

ТІЖ-бұл салық төлеуші ТІЖ-ны қағаз жеткізгіште ресімдеуге құқылы болатын жағдайларды қоспағанда, «электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда ресімделетін тауарға ілеспе құжат.

«Бизнес-қоғамдастықтың ТІЖ міндетті енгізуге дайындық үшін қосымша уақыт беру туралы келіп түскен ұсыныстарына байланысты акцизделетін тауарлар, ЕАЭО шеңберінде Импорт/Экспорт және Виртуалды қойма тауарлары бойынша пилоттық жобаның мерзімін 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды», — деп хабарлады Алматы облысы бойынша МКД жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы акциздерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Мұқан Қалжанов.

Сондай-ақ қолданыстағы ТІЖ ережелеріне, сондай-ақ ТІЖ ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаға сәйкес жеке тұлғалардың атына ТІЖ ресімдеу жөніндегі міндеттемелер жоқ екені белгілі болды.

Айта кетейік, бүгінде пилоттық жобалар іске асырылуда:
— виртуалды қойманың тауарлары бойынша (ҚМ 384 бұйрығы) 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін;
– ДСҰ-ны алу тізбесінен қалған тауарлар және таңбаланатын тауарлар бойынша пилоттың басталу мерзімі 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап 2021 жылғы 1 қазанға, аяқталу мерзімі-2022 жылғы 1 ақпаннан бастап 2022 жылғы 1 тамызға ауыстырылады.

Пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде кәсіпкерлерге айыппұл санкциялары қолданылмайды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments