Понедельник, 27 мая, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлиментті әке орнына ата мен әже төлейді

Алиментті әке орнына ата мен әже төлейді

Енді балаға алиментті әкесі төлемеген жағдайда ата-әжесі өтейді. Жамбыл облысында алимент өндірудің жаңа бағыты қолға алына бастады. Аймақтағы Әділет департаменті мұндай қадамға борышкер саны көбейгендіктен барған. Бұл бағытта жуырда екі зейнеткерге қатысты іс қаралып, сот арқылы өндірілген. Былтыр Жамбылда 17 мың адам берешек болса, оның 900-і ғана қарызын өтеген. Яғни, қазір 16 мыңнан астам әке алиментке 1 млрд 200 млн теңге қарыз. Соңғы 2 айда 38 млн теңге ғана өндірілген. Ал өңірде алиментті мүлде төлемей жасырынып жүрген 127 әке бар.

Шыңғыс Айнақұлов, Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары:

Өзімнің ата-енемнен, яғни баланың ата-апасынан өндіріп алады екенмін, иә мен келісемін» деген жағдайда онда біз арызын жазып беруге көмектесеміз. Төлемеудің амалдарын істеп жатқан азаматтар бар. Сол себептен біз амалсыз түрде осындай іс-әрекеттерге, шараларға барып жатырмыз.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments