Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы маңындағы ірі өрттің жай-жапсары белгілі болды

Алматы маңындағы ірі өрттің жай-жапсары белгілі болды

Алматы маңында полиэтилен бұйымдар қоймасы өртенді. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрттің алдын ала себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы екенін айтты. Құтқарушылардың айтуынша, қойма бүгін таңертең өртке оранған. «Іле ауданындағы Первомай өнеркәсіптік аймағында алдын ала алаңы 3600 шаршы метр болатын қойма ішіндегі полиэтилен өнімдері қоймасында өрт шыққаны хабарланды.

Алматы облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері дереу жіберілді. Боралдай кентінің жақын жердегі ӨСБ-9 өрт сөндіру бөлімшесінен арақашықтығы 15 километр болады. Облыс орталығынан қашықтық — 87 шақырым. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде нысан толығымен өртке оранған. Қосымша шақыру орнына шақырудың жоғары дәрежесі бойынша жақын маңдағы бөлімшелердің күштері мен құралдары жіберілді», — деп хабарлады облыстық ТЖД.

Өрт туралы кеш хабарланғандықтан, өрт үлкен аумақты шарпыды, деп қосты баспасөз қызметі.

Өрт таңғы сағат 9:12-де ауыздықталды. Өртті сөндіру жалғасып жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің таралу қаупі жоқ.

«Өрттің алдын ала себебі — электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Оны жоюға Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 37 қызметкер мен 14 техника және Алматы қалалық ТЖД-дан 22 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды», — делінген ТЖД мәліметінде.

Құтқарушылар электр аспаптары мен жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments