Воскресенье, 6 октября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында автобус жүргізушілеріне МӘМС мүмкіндіктері түсіндірілді

Алматы облысында автобус жүргізушілеріне МӘМС мүмкіндіктері түсіндірілді

МӘМС қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалының директоры тұрғындар арасында МӘМС мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіру үшін «Қапшағай автобус паркі» серіктестігіне барды. Мекеме ұжымымен кездесіп, жүргізушілерге сақтандырылған азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие екенін жеткізді.

«МӘМС жүйесіне мүмкіндігіне қарай төлем жасаған әр азамат МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде қажетіне қарай ем алады, тіпті қажет болған жағдайда құны қымбат жоғары технологиялық медициналық қызметтер де МӘМС жүйесінде тегін жасалады. Қазіргі уақытта медициналық қызмет екі пакет бойынша көрсетіледі: тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде. Бұл бағыттағы жұмыстарды дамытып, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру шаралары жалғаса береді», – деді кездесуде филиал директоры Тілеухан Әбілдаев.
Жиында Тілеухан Шілдебайұлы денсаулық сақтау саласындағы соңғы өзгерістер мен МӘМС жүйесі туралы толықтырып ақпарат берді. Осы жүйе аясында науқас талап етуге құқылы қызмет түрлерін жіті жеткізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
««Сақтандырылған» мәртебесіне ие болу үшін соңғы 12 ай немесе болашақ 12 айдың төлемдері болу керек екенін білмеппіз. Бізде 3-4 ай ғана қызметке орналасқан, бұрын соңды ешбір жерде жұмыс істемеген жүргізушілер бар. Бүгінде олар мамандардан қажетті ақпарат алды. МӘМС-тің мүмкіндігі зор екенін білдік. Бұл қарапайым халыққа өте қажет жүйе. Қаншама қымбат медициналық қызметті осы жүйенің аясында алып отырмыз. Мұның өзі біз сияқты тұрғындарға өте маңызды», – дейді кездесуден соң «Қапшағай автобус паркі» ЖШС директоры Біржан Чимчиков өз сөзінде.

Өз кезегінде кездесуге қатысқан қызметкерлер толғандырған сұрақтарын қойып, МӘМС өкілдерінен тұшымды жауап алды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments