Четверг, 25 апреля, 2024
Басты бетUncategorizedАлматы облысында "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 38 нысан салынады

Алматы облысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 38 нысан салынады

Есік қаласындағы перзентхана қайта жөндеу жұмысынан өтеді
Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі ақпарат алаңында Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы орталық ауруханасының директоры Жамиля Абеуова мен көпбейіндік орталық аудандық ауруханасының ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары Алия Омарбекова мәлімдеді.
Президенттің 2022 жылғы қыркүйектегі жолдауы «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт «жолдауы барысында жасалатын жұмысқа 2005 жыл салынған перзентхананың ескі ғимаратын бүгінгі күні күрделі жөндеу жұмысына дайындауда. Дәргерлердің айтуынша перзентхана барлық санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін заманауи жөндеу жұмыстарынан өтеді, атап айтсақ ламинарлы ағындары бар екі операциялық бөлме, әйелдерге арналған үлкен жарық палаталар арнайы қайта салынады.
Барлық 38 нысанның құрылыс жұмыстары 2025 жылға дейін созылады. Биыл облыс бойынша 3 нысан қолданысқа берілсе , 24 нысанның құрылысы биыл басталып, келесі жылдың басында аяқталады деп жоспарлануда.
Бұл жобаны іске асыру шалғайдағы елді мекендерде алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ орталық аудандық ауруханаларды медициналық жабдықтармен толық жарақтандыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту жобасы бойынша 2 аудандық аурухана күрделі жөндеу жұмысы жасалады. Олардың бірі Қарасай ауданында 36,9 млн. теңге сомасына ЖСҚ әзірлеуге шарт жасалды және де Еңбекшіқазақ ауданы ауданы жалпы сомасы 44,06 млн. теңгеге перзентхана бөлімшесінің ғимаратын әзірлеуге шарттар жасалды», -дейді Жамиля Абеуова
Айта кетейік, Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасы жанындағы МСАК орталығы Қазақстандағы озық тәжірибе орталықтарының бірі болып табылады

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments