Воскресенье, 22 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында бірқатар қаржы пирамидаларына қатысты тергеу аяқталды

Алматы облысында бірқатар қаржы пирамидаларына қатысты тергеу аяқталды

Алматы облысында «Елімай-2019» қаржы пирамидасының қызметі әшкереленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Данияр Қыдыралиев мәлімдеді.
Аталмыш қаржы пирамидасы 2019-2021 жылдары 3 мыңға жуық салымшыны сан соқтырып, 1,5 млрд.теңгеден астам материалдық залал келтірген.
Спикердің айтуынша, тергеу барысында жәбірленушілерге ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында жалпы құны 1,2 млрд. теңге болатын мүлік және 129 млн. теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражат анықталған. Нәтижесінде қарашаны құрығына түсіргендер 6 және 10 жылға дейін темір торға тоғытылды. Ал жәбірленушілерге келтірілген залал өтелді.
Сонымен қатар, баспасөз-мәслихатында «Qnet limited», «Chia Tai Pharmaceutical», «Quasar» және басқалары сияқты қаржы пирамидаларына қатысты тергеулер аяқталғаны жайлы сөз етілді.
«Алматы облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті қаржы пирамидаларының қызметін әшкерелеу және жолын кесу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, азаматтардың қаржылық мүдделерін қорғау, сондай-ақ заңсыз қаржы схемаларына инвестициялардың алдын алу үшін ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізеді»,- дейді Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Данияр Қыдыралиев .
Бұқараның аялақтардың арбауына түсуінің алдын алу үшін қаржы мониторингі агенттігі Telegram мессенджерінде «BAIQA piramida» чат-ботын әзірлеген. Онда қазақстандықтарға өздерін қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтардың әрекеттерінен қорғауға көмектеседі.
Заңды белден басқандармен күрес тек уәкілетті органның құзырында емес, жекелеген азаматтарда бұл істе жұдырықтай жұмылуы тиіс, деген пайымда сала мамандары.
Еске саламыз, қаржы пирамидаларының заңсыз қызметінің барлық фактілері туралы қаржы мониторингі жөніндегі органдардың сенім телефонына (8 7172 708 478) хабарласуға болады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments