Воскресенье, 28 апреля, 2024
Басты бетМӘМСТІС ЕМДЕУ КІМДЕР ҮШІН ТЕГІН?

ТІС ЕМДЕУ КІМДЕР ҮШІН ТЕГІН?

МӘМС бойынша сақтандырылған азаматтарға стоматолог қандай жағдайда тегін көмек көрсетуі тиіс?
Шұғыл жағдайда стоматологиялық қызмет 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге, 1, 2 және 3 топтағы мүгедектерге, «Күмiс алқа» және «Алтын алқа» төсбелгілерінің иелеріне, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, инфекциялық, әлеуметтік мәні бар және қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастарға, мүгедек балаға немесе бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдарға тегін болып табылады. Осы санаттағы азаматтарға келесі көмек түрлері қолжетімді:
— ауырсынуды басу
— химиялық қатайтылған композиттік материалдардан жасалған пломбаны дайындау және салу
— ауырсынуды басу арқылы тіс жұлу
— периостотомия
— абсцесстерді ашу
Ал жоспарлы түрде стоматологтың қызметіне 18-жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер тегін жүгіне алады.
Жоспарлы түрде көрсетілетін көмек түрлері:
— ауырсынуды басу арқылы тіс жұлу
— химиялық қатайтылған композиттік материалдардан жасалған пломбаны дайындау және салу.
Одан бөлек, жақ-бет аймағында туа біткен патологиясы бар балаларға арнайы ортодонтиялық пластина орнату бойынша стоматологиялық қызмет тегін көрсетіледі.
Стоматологиялық көмек алу үшін учаскелік дәрігердің жолдамасы қажет емес, тек жүгінген тіс емханасы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан болу керек.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments