Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді

Алматы облысында бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді

Алматы облысында бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның төмендеуі тіркелді. Бұл туралы аппараттық кеңес барысында Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуаныш Бахытұлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде облыс бойынша бакалея өнімдері бағасының 0,7%-ға, картоп — 1,2%-ға, сәбіз — 2,8%-ға, жұмыртқа — 0,2%-ға, пияз — 3,4%-ға, ақ қырыққабат — 3,1%-ға төмендеуі байқалады. Өткен аптада қарақұмық жармасы бағасының 311 теңгеден 337 теңгеге дейін шамалы өсуі тіркелді.

Сондай-ақ, баяндама барысында Қуаныш Бахытұлы облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мамандары тұрақты негізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыратынын, тауарлардың құнын негізсіз көтеруге жол бермеу бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments