Понедельник, 30 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында бір күнде 147 адам стационарға жатқызылды

Алматы облысында бір күнде 147 адам стационарға жатқызылды

«Соңғы тәулікте КВИ-дың 265 жағдайы тіркелді. Оның ішінде: 14 жасқа дейінгі балалар – 43, оқушылар арасында – 27 жағдай, студенттер арасында – 2 жағдай, мұғалімдер арасында – 9 жағдай және күштік құрылымдары арасында – 2 жағдай. Облыс өңірлері бөлінісінде КВИ сырқаттанушылығы: Балқаш – 9, Еңбекшіқазақ – 12, Ескелді – 7, Жамбыл – 15, Іле – 19, Қарасай – 25, Қаратал – 14, Кеген – 1, Кербұлақ – 6, Көксу – 17, Панфилов – 5, Талғар – 56, Ұйғыр – 23, Талдықорған – 47, Текелі – 5, Қапшағай қаласында 4 адамнан індет анықталды», — делінген Алматы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Алматы облысы «қызыл» аймақта орналасқан. Бүгінге дейін облыста КВИ-дің зертханалық расталған 63 280 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 47 864 жағдай симптомдарымен. 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2902,9 құрады. Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,5% — дан 0,7% — ға дейін артты. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл — 1,4%, Балқаш – 1,0%, Қарасай – 1,0%, Кербұлақ – 1,1%, Райымбек – 1,0%, Сарқан-1,0%, Ұйғыр – 0,9%, Кеген — 1,0% аудандарында байқалады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments