Суббота, 14 декабря, 2024
Басты бетUncategorizedАлматы облысында «Ескіден қалған есті өнер» атты Республикалық жас ақындар айтысы өтіп...

Алматы облысында «Ескіден қалған есті өнер» атты Республикалық жас ақындар айтысы өтіп жатыр

Ақын Көдек Байшығанұлының 135 жылдығына арналған «Ескіден қалған есті өнер» атты Республикалық жас ақындар айтысы Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен және мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп жатыр.

Ақындар айтысына республикамыздың 12 облысынан 16 жас бақ сынасады. Елімізге танымал айтыскер ақындар қазылық ететін болады. Қазылар алқасы айтыскердің өлеңді ұйқастыру қабілетіне, суырып салмалық қасиетіне және тақырыптан ауытқымай айтысуына, сахнада өзін-өзі ұстау шеберлігіне, киім үлгісіне талдау жасайды. Әр айтыскерді 10 балдық жүйемен бағалайды.
“ Көдек Байшығанұлы бір ғасырдың бір сан ғасырға халықтың мұңын жырлаған ақын. Осыған байланысты Алматы облысының әкімінің қолдауымен 135 жылдығы тойланып жатыр”- дейді Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Нүсіпжанұлы
Жалпы айтыстың жүлде қоры екі миллонға жуық. Бас жүлде иеленген дарабозға 500 мың көлемінде сыйақы табысталса. Бірінші орынға төрт жүз мың. Екінші орынды иеленген жеңімпазға 300 мыңнан және 3 орын алған айтыскерге 200 мың теңгенің ақшалай сертификаты табысталады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments