Вторник, 3 декабря, 2024
Басты бетUncategorizedАлматы облысында жылыту маусымына дайындық қарқынды

Алматы облысында жылыту маусымына дайындық қарқынды

Алматы облысында көмір тапшылығын жою мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша жауапты мекеме өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

Өңірлік коммуникация қызметі алаңында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының  энергия және энергия үнемдеу бөліміні бас маманы Ержан Әділет және Қонаев қаласының түкші коммуналдық шаруашылық, жолаушылық көлігі, автомобиль және тұрғын үй испекциясы бөлім басшысы Дархан Карағонысов өңірдегі жағдайды баяндады.

Мамандардың айтуынша,Алматы облысының 2022-2023 жылдардағы жылыту кезеңіне  730 мың тонна көмір қажет екені анықталған.Оның темір жол көлігімен жеткізу жоспары 668,9 мың тонна.

“Өңір бойынша тізілімге енгізілген 46 өңірлік көмір операторы бар. Көмір разрездерінен жеткізу тек көрсетілген операторлармен ғана жүзеге асырылады.
Жылыту маусымында халықтың арасында әлеуметтік шиеленіс болдырмау мақсатында көмірді алдын ала сатып алу бойынша жұмыс жүргізілуде . Жылыту маусымының барысы және көмір мәселесі тұрақты бақылауда. Кейбір аймақтарда анықталған кемшіліктер бойынша жұмыс жүргізіліп, көмір қорын жеткізу және жылыту маусымы тұрақты бақылауға алынған. Және де облыс тұрғындарына қазірден бастап жылыту маусымына керекті көмір қорын қәзірден бастап жинауларыңызды сұраймыз»-деді Әділет Ержан

Спикерлердің айтуынша, облыс бойынша 54 көмір тұйығы мен қоймасы бар. Райымбек ауданында «Ойқарағай» көмір бөлімі бар. Орташа есеппен тәулігіне 34 вагон немесе 2346 тонна (Қаражыра – 16; Шұбаркөл – 18) келеді.
Сөз соңында қазірге таңда көгілдір отынды пайдаланушылардың саны артуымен қатты отынға деген сұраныстың да төмендеп келе жатқанын, биыл көмір тапшылығы болмайтынын, оның алдын алу бойынша жоспарлы жұмыс жүріп жатқанын жеткізді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments