Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында жыл басынан бері 85 адам құтқарылды

Алматы облысында жыл басынан бері 85 адам құтқарылды

Алматы облысының ТЖД жедел қызметкерлері биыл 85 адамдарды құтқарды
Суға бату жағдайы тек жаз айларында ғана емес қүзде және қысқы мезгілдерде орын алады. Әсіресе әуесқой балықшылардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауы оқыс оқиғаға алып келеді.
Алматы облысы ТЖД қызметкерлерінің айтуынша су айдындарында қауіпсіздік ережелерін түсіндіре отырып, профилактикалық іс-шаралар жиі өткізіледі.
Өңірде Азаматтық қауіпсіздікті сақтау жолында жанын шүберекке түйіп, адам жанының арашасы болып 52 адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда 2 құтқару бекеті бар олар Қонаев қаласында және Шенгелі ауылдық округінде орналасқан. Департамент өкілдерінің айтуынша болашақта Балқаш және Еңбекшіқазақ аудандарында бекет салу жоспарланған.
«Жыл басынан бері 185 жасақ жасақталды, бүгінгі таңда Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағы қажетті құралдармен жабдықталған. Атап айтсақ, 11 бірлік техника мен 15 қайық бөлімше балансында бар »- дейді Жандос Қанатұлы.
Бұдан бөлек «жауынгер» 4 ит техногендік және табиғи апат жағдайында құтқару жұмыстарына үйретіліп жатыр.Құтқарушылармен бірге қызмет етіп жүрген «жауынгер» иттердің шығу тегі бельгиялық. Туған сәттен бастап, ерекше режимде тәрбиеленіп жатқан бұл иттердің сезу қабілеті, ішкі түйсігі өте жоғары дамыған. Олар адам бара алмайтын үйінділердің арасына оңай кіріп, зардап шеккендерді жылдам табады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments